Өңірде судьялар арасында спорттық жарыс өтті. Мамырдың 22-сі мен 24-і аралығында ұйымдастырылған ауқымды шараға Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстық сотттарының командалары қатысты. Заң саласының 200-ге жуық өкілі бас қосты. 


Спартакиадада судьялар теннис, шағын футбол, арқан тарту, бильярд, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақтан бақ сынасты. Жарыс нәтижесіне сәйкес, бірінші орынды Ақтөбе облысының командасы еншіледі. Ал, екінші орын Атырау, ал үздік үштікті қызылордалықтар қорытындылады.