Ал "Үміт" сәбилер үйінде қайырымдылық шарасы өтті. Бұған дейін қаладағы жеке компаниялардың бірі мекемеге автокөлік тарту етсе, бұл жолы бүлдіршіндерді ем-дом шараларына қауіпсіз тасымалдау мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасы автоорындықтар сыйлады. Қазір "Үміт" сәбилер үйінде 54 бала тәрбиеленуде, оның 34-і тәулік бойы дәрігерлердің бақылауында. Өкінішке қарай ата-анасы болса да бөбектердің көпшілігі қараусыз қалған. Бұл жерде балалар 4 жасқа дейін тұрып, кейін «Аяла» оңалту орталығына жіберіледі. Мамандардың айтуынша, ғимарат күрделі жөндеуді талап етеді. Сонымен қатар, бүлдіршіндердің жан-жақты өсіп-жетілуі үшін тұз шахтасы мен «Аққанат» оңалту топтарын ашу қажеттілігі туындап отыр.