Жыл басынан бері өңірде АИТВ инфекциясын жұқтырған 28 адам анықталды. Ақтөбе облысы қауіпті вирустың таралуы бойынша республикада 17-ші орында тұр. Мамандардың айтуынша, бұрын-соңды бұл кесел нашақорлар арасында кеңінен таралса, бүгінде қатерлі инфекцияның 80 пайызы жыныстық жолмен жұғатыны белгілі болды.