Орталық саябақтағы лазерлік, отты шоуы бар музыкалық субұрқақ іске қосылды. Былтыр тамыз айында қолданысқа берілген субұрқақ әлемдік, отандық әндер мен күйлерді қоса алғанда 40-тан астам әуенмен сүйемелденеді.
Маусымның ашылуы Димаш Құдайбергеннің әндерімен басталды. Өнер жұлдызының ғажап дауысы мен шоу көруге келген ақтөбеліктердің қатары көп болды.